Денсаулық сақтау министрлігі студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізбек
Қазіргі уақытта медициналық білім беру саласындағы анағұрлым өзекті мәселелердің бірі медициналық жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер санының шамадан тыс көп болуы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы бұл фактор білім беру ресурстарының үлкен жүктемесі және білім беру сапасының төмендеуіне әсер ететінін алға тартып отыр.
Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл мәселе бүгін министрлік басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында талқыланды.
Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылмақ.