Дәрігерлер науқасты жедел жәрдем көлігіне шанамен сүйреп апаруға мәжбүр болған

2 528

Фото: Алихана СариеваҚызылжар ауданы Бескөл ауылында жолды қар басқандықтан, жедел жәрдем дәрігерлері науқасқа жаяу барып, оны көлікке шанамен жеткізген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Голос народаға сілтеме жасап.


Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, 56 жастағы ер адамға шақырту сағат 07.20-да түскен. Оның сол жақ аяқ-қолдары ұйып, басы айналған.


Бір күн бұрын жауған қардың салдарынан жедел жәрдем көлігі науқастың мекен жайына жете алмады. Сондықтан дәрігерлер қарлы жолмен шамамен 400 метр жаяу жүруге мәжбүр болды.


"Тексеруден кейін науқаста инсульт белгілері анықталды, көмек көрсетілді, бірақ үйден жедел жәрдем көлігіне жету қардың кесірінен қиындады. Фельдшер Омаров Айдар мен Широжеев Әмір абдырамай, науқасты көлікке шанамен жеткізуге шешім қабылдаған. Жүргізуші Руслан Ақомбаевтың көмегімен науқас уақтылы стационарға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.