Қазақстанда 1200 дәрі-дәрмектің бағасын реттеу тоқтатылады
Қазақстанда 1200-ден астам дәрілік препараттың бағасы реттелмейтін болады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қандай препараттардың бағасына шектеу қойылмайды?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, құны 1 АЕК-ке (4325 теңге) дейінгі препараттар мемлекеттік баға реттеуден шығарылады. Бұрын оларға шекті баға белгіленетін.
"Бұл шара бәсекелестікті дамытуға, ассортиментті кеңейтуге және халық үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Дереттеу нәтижесінде 1200-ден астам атау нарықтық баға түзу тетіктеріне көшеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік бұл қадам нарық қатысушыларына сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бағаны өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Қандай препараттардың бағасы бақылауда қалады?
Қазіргі уақытта мемлекеттік баға реттеуге жататын препараттар тізбесінде 1827 атау қалды, бұл жаңашылдықтарға дейін олардың саны 3000-нан сәл асатын.
"Осылайша, мемлекеттік реттеу неғұрлым атаулы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қорғауды қажет ететін дәрілік заттарға шоғырланады", - делінген ақпаратта.
Көтерме және бөлшек саудада сату үшін бағасы реттелетін дәрілік заттар тізбесіне енгізілген өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі бұйрығында көрсетілген.
Қаз
Рус






