Алматы субұрқағында тоққа түскен қыздар мен әйелдің жағдайы белгілі болды.

376

Фото: pixabay.comДәрігерлер Алматыдағы субұрқақтардың бірінде электр тоғына түсіп, ажал құша жаздаған қыздар мен әйелдің жағдайы туралы айтып берді. 

Зардап шеккен әйел Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. "Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында. Қыздар болса, Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. "Балалардың жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты", - деп хабарлады ведомствода. Еске салайық, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын. Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Үкілай Бестай өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол оқыс жағдайға тап болып, тоққа түскен адамдарды бейтаныс жігіттің құтқарып қалғанын өз көзімен көрген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.