6 жасар баланың өліміне кінәлі деп танылған бас дәрігер қызметінен босатылды

1 559

Фото: gov.kzЖамбыл облысында қазан айында 6 жасар баланың өліміне байланысты Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, бақылау жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тексеруге тәуелсіз сарапшылар да тартылған. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау департаментінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ауруханада қосымша тексеріс өткізген.

«Тексеріс нәтижесінде орталық аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды. Аймақтағы басқа медициналық мекемелердің басшыларымен де тиісті жұмыстар жүргізілді», – деді Қарашөкеев.

Еске салайық, қазан айында 6 жасар бала жергілікті ауруханада көз жұмған еді. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер баланы дер кезінде ауруханаға жатқызбай, жағдайына салғырт қараған. Тергеу және тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.