КВИ-дің келесі толқыны наурызда шегіне жетеді – Қарлығаш Әбдіжаббарова

389

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова қалада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Қ. Әбдіжаббарова ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы үшінші күн «қызыл» аймақта орналасқанын жеткізді. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өскен, яғни 47,6-дан 105,6-ға дейін, инфекцияның берілу индексі аясында 1,4-тен 2,5-ке дейін ұлғайған.

Эпидемияның тағы бір толқыны жаңа жылдық мерекелер мен осы жылдың қаңтар айының басында белгілі оқиғалардан кейін басталды және «омикрон» штамына байланысты болып отыр. Бұл зертханалық түрде осы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен расталды. ҚР ДСМ-де 96 сынамадан 8 сынамада омикрон штамы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. «Дельта» штамдары сынамалардың 71% - ында анықталды, «дельта – плюс» - 16% - да, басқа штаммдар - 4,7% - да табылды,-деді ол.

«Омикрон» штамына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері - аса жоғары жұқпалылығы, иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады.

Осылайша, апта сайынғы сырқаттанушылық та, бұрын КВИ-мен ауырып сауыққан адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары да күрт өскен, алдыңғы 7 күндегі 10 жағдайдан соңғы 7 күндегі 66 жағдайға дейін. Симптомсыз нысандардың желтоқсан айындағы 6% - дан 11% - ға дейін ұлғаюы, бұл ауырғандарды уақтылы анықтауды және оқшаулауды қиындата түскен.

КВИ жұқтырғандардың үлес салмағы 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4% - ға және жасөспірімдер арасында 1,1% - ға күрт өсті, бұл да «омикрон» штамына тән. Мұның бәрі «омикрон» штамы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай «дельта» штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі КВИ толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз,-деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.