Дәрігерлерге де қорғаныс пайда болады
Құжатта көрсетілгендей, өзгерістердің басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру тетіктерін жетілдіру. Сондай-ақ олардың кәсіби міндеттерін атқару кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтандыру көзделген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Бұйрық жобасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын бірлесіп сақтандырудың үлгілік шартын енгізу, кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шеңберіндегі сақтандыру қорғанысын интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлерге оқу кезеңінде қолдану ұсынылады", - делінген жобада.
Бұдан бөлек медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде үшінші тұлғалардың зорлық-зомбылық әрекеттері нәтижесінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібін айқындау ұсынылады.
Сондай-ақ жобада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру және денсаулық сақтау субъектілері, медицина қызметкерлері, пациенттер мен Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының Әкімшісі арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіру қағдиларын нақтылау көзделеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, жаңа ережелерден мынадай нәтижелер күтіледі:
кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру тетіктерін жетілдіру;
медицина қызметкерлерінің, оның ішінде дәрігер-интерндер мен дәрігер-резиденттердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру арқылы қорғауды кеңейту;
сақтандыру жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
Жоба 16 қыркүйекке дейін қоғам талқылауына шығарылды.
Қаз
Рус






