Қазақстанда аутист балалардың саны артуда
494
Мәжіліс депутаты Вакиль Набиев аутизммен ауыратын балалар мен жасөспірімдер мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аутизммен ауыратын балалардың саны әлемде, оның ішінде Қазақстанда да артып келеді.
“Бүгінгі таңда әлеуметтік бағдарланған ведомстволар мен мемлекеттік құрылымдар бұл мәселенің ауқымы туралы жеткілікті білмейді. Сондықтан аутизмі бар балаларға арналған орталықтарды ұлғайту қажет, бұл біздің қоғамның аутизмі бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуіне ықпал жасайды", - деді Набиев мәжілістің пленарлық отырысында.
Қазақстан халқы ассамблеясы сайлаған депутаттар бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынды.
Аутизмі бар балалар мен жасөспірімдермен мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістемесі бойынша жұмыс істей алатын мамандарды даярлау мен оқытуды ұйымдастыру керек. Көптеген мектеп және мектепке дейінгі мекемелер мұндай балаларға толыққанды жағдай жасай алмайды.
“Аутист балалардың мінез-құлқын түзетіп, әлеуметтік бейімделу үшін дене белсенділігі арқылы физикалық жұмыс жүргізу қажет. Қоғам аутизммен ауыратын адамдарды дұрыс қабылдау үшін қоғамдағы, қоғамдық көлік және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер арасында аутизм туралы ақпаратты, әлеуметтік роликтерді арттыру керек” – деді депутат.