Ішімдік пен есірткіге тәуелділерді бейімдеу орталықтарына орналастыру тәртібі өзгермек

427
Ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орналастыру тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ұсынылған талапқа сәйкес, енді пациентке уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарында мына медициналық қызметтер көрсетіледі:

- алкогольді тұтыну және мас болу фактісіне медициналық куәландыру жүргізу;
- пациенттің биологиялық материалына экспресс әдіспен талдау жүргізу;
- экспресс әдіспен биологиялық материалдағы есірткі мен психотроптық заттарды анықтау;
- анықталған жағдайда орташа дәрежелі жедел алкогольдік интоксикацияны тоқтату;
- алкогольді ішімдік ішіп, мас күйде УБДО-ға түскен пациентті медициналық бақылау.

Бұл орайда, талдама мен өзге де медициналық тексеру көрсеткіштерін емдеуші дәрігер анықтайды.

Жаңа ережеге сай, өңірлердегі УБДО-ның пациентерді қабылдау қауқары да назарға алынып, есептелмек.

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қуаттылығы мына есептеу арқылы анықталады:

- республикалық маңызы бар қалаларда кемінде - 20 төсек-орын;
- облыс орталықтарында кемінде - 15 төсек-орын;
- облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда кемінде - 5 төсек-орын.

Құжат 28 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.