Медициналық сақтандырудағы қаржы мен төлем мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді
Мәжіліс мінберінде депутат Екатерина Смышляева денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атына өткір сауал жолдап, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін сынға алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Екатерина Смышляеваның мәлімдеуінше, миллиардтаған қаржы бөлінгенімен, нақты төлемдер мардымсыз болып, өтініштердің басым бөлігі кері қайтарылған.
Депутат жүйенің бас тарту тәжірибесінде бірізділік жоқ екенін, тәуелсіз сараптамалық комиссиялардың жұмысы біркелкі ұйымдастырылмағанын айтты. Көп жағдайда өтініштердің кері қайтарылуы мүгедектік белгіленбеген жағдайлармен, оқиға мерзімі немесе сақтандыру шартының болмауына байланысты жүзеге асатынын атап өтткен.
"Алайда бір жарым жыл ішінде бірде-бір медицина қызметкеріне адвокат қызметінің шығындары өтелмеген. Яғни, бүкіл жүйе жұмыс істеген кезеңде бұл тетік іс жүзінде іске қосылмаған. Соған қарамастан, медицина қызметкерлері адвокаттардың көмегіне жиі жүгінген", – деді депутат Екатерина Смышляева.







