Қытайда коронавирус жұқтыру қайта өршіді

274
Өткен сәрсенбіде құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырудың жергілікті 87 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінен мәлімдеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап .

Соның ішінде 44 оқиға Қытайдың солтүстігіндегі Хэйлунцзян провинциясының Хэйхэ қаласында және 20-сы Бейжіңге жақын орналасқан Шицзячжуан қаласында тіркелді.

Осы аптада 10 миллионнан астам халқы бар Шицзячжуан қаласында (Хэбэй провинциясы, Солтүстік Қытай) локдаун жарияланды. Қала кімшілігі жергілікті тұрғындарды өздерін оқшаулап, коронавирусқа тест тапсыруын сұрады.

Қытайда коронавирус жұқтырудың жаңа толқыны қазан айының ортасында басталып, осы уақытқа дейін ел провинциялары мен аудандарының жартысынан көбіне тарап үлгерді.

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты қараша айында Бейжіңде өтуі тиіс болған бірқатар халықаралық форум кейінге қалдырылды.

ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мәліметінше, 3 қарашадағы жағдай бойынша, 2020 жылдың желтоқсанында басталған жалпы вакциналау науқанының барысында Қытай дәрігерлері коронавирусқа қарсы 2,28 млрд астам екпе салған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.