Жамбыл облысында медициналық туризм дамып келеді

2 670

Фото: Адильбек ТауекеловЖамбыл облысына бір жылда медициналық көмек алуға 800-ден аса адам барған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жалпы аймақта кардиохирургия саласы жақсы дамыған. Заманауи құрылғымен жабдықталған клиникалар мен білікті мамандар жетерлік. Сондықтан жүрек дертіне ем іздеп келген шетелдіктер де көп. Жамбыл облысында 393 медициналық мекеме бар. Басқарма басшысының сөзінше барлық нысан алдыңғы қатарлы құрылғымен қамтылған. Сондықтан өңір тұрғындарымен қатар өзге аймақтан ем іздеп келетіндер көп. Мәселен өткен жылы басқа облыстың 750 тұрғыны мен 69 шетел азаматы медициналық көмек алған. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.