Министрлік онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайтынын мәлімдеді

2 528

Фото: medcity.proДенсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын қазақстандықтар дәрілік препараттармен толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды", – делінген министрлік хабарламасында.


Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізетіні айтылды.


Қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласуға болады. Онда онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелер бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.