ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘРІГЕРДІҢ ҚАТЕЛІГІНЕН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ МҮГЕДЕК АТАНДЫ

1 724

Қызылордада дәрігердің салғырттығынан  9 жасар жасөспірім қыз 2 топ мүгедегі атанып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Осыдан 2 жыл бұрын 9 жасар Башенеева Айкен іші ауырып, құсу, ыстығы көтеріліп «Жедел жәрдем» көмегімен  Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Баланың денсаулығына алаңдаулы ана қызының мүгедектік арбасына танылғандығына дәрігерді кінәлап отыр. Анасының айтуынша, дәрігердің салғырттығы мен немқұрайлығы баламды мүгедек етіп отыр деп налыды. Аяғымен кірген қызымды мүгедектік арбаға танылып 64 күн дегенде үйімізге шықтық дейді.  

«Баламнан мамандары сараптамалардың бәрін алған Нүсіпқожаев Серік, соқыр ішек екендігін аңғармай, тиісті ем-домын көрсетпей, соқыр ішек болған баламды басқа да  ішек ауруларының сипаты деп айтты. Алайда, дәрігерлер бізді үйге қайтарып, ертесіне аймақтық дәрігерді шақырып соқыр ішек екендігін, бірақ соқыр ішектің жарылып кеткендігін айтты»,- дейді анасы Ақгүл.



Дәрігердің қателігінен бүгінгі күні Айкен анасының жетегімен ғана жүре алады. Балалық шақтың қызықты сәттерінен айырылып, арбаға танылған балдырғанның анасынан дәрігерлер кешірім сұрап келмегендігіне қапалы. Ал, жуырда шыққан сот үкімі де бар қылмысты анықтағанымен жауапкершілікке жүктелмейтіндігі өкінішті.  Айкеннің денсаулығына нұқсан келтіргендердің қылмысы орташа ауыр деңгейдегі,  оның үстіне мерзімі өтіп кеткен. Ал, дәрігерлердің кінәсі екендігін бір емес екі бірдей растау қағазы болса да,  қылмыстың жауапкершілік мерзімі өтіп кеткен деп танылған. 

Анасы Ақгүлдің айтуынша, «19 маусым 2020 жылда «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» тексерісі дәрігердің жіберген кемшілігін анықтап берген шешіміне байланысты арыз берген болатынмын Қызылорда қалалық полиция бөліміне. Алайда, дәрігерлердің денсаулыққа тигізген нұқсанның бар екендігін анықтап, бір бума қағазды алып барып арыз берсем де, осы 2021 жылдың желтоқсан айында тексеріп әзер болды. Ал сот шешімі мерзімі өтіп кеткен, жауапкершілікке тартуға жатпайды деп ҚР Қылмыстық Кодекстің 317 бабы, 2-тармағы бойынша іс қозғалды.   Бүгінде қызым қатарынан қалып,  күйзеліске түсті,  біздің басты мақсатымыз өздігінен жүру болып отырғандығын алға тартты.



Жоғарыда көрсетілген Қылмыстық Кодекс бойынша: абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, делінген.  

Алайда,  мерзімі өткендіктен кешірім де, айыппұл да, істе жоқ. Бүгінгі күнге дейін қанша қала халқы дәрігерлердің қолынан шипа көріп жатса, енді бірі мүшкіл халге душар болып отыр. Біздің заң саласындағы қызметкерлеріміздің 1,5 жыл тергеу жұмыстарын жүргізді деген жағдай төбемізден жәй түсіргендей болды.  





АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ