Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан айлықсыз шеттете алады

564

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов онлайн брифингте жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан айлықсыз шеттете алатынын айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

"COVID-19-бен ауырған адамды жұмысқа жібермеу керектігі туралы тікелей норма болмағанымен, Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50 пайызын немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін", – деді Төлеген Оспанқұлов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.