Алексей Цой коронавирустың жаңа "омикрон" штамы туралы айтты
348
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз Facebook парақшасында коронавирустың жаңа "омикрон" штамына қатысты жазба жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министр дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа штамға байланысты деректеріне сүйенді.
Цойдың айтуынша, зерттеулер жалғасуда. Әзірге барлық тұжырым басқа нұсқалардағы ұқсас мутациялардың тәжірибесі мен біліміне негізделіп отыр. Денсаулық сақтау министрі коронавирустың жаңа нұсқасы туралы бірқатар маңызды қорытындыны атап өтті.
Жұғу потенциалы
Әзірге "омикрон" басқа нұсқалармен салыстырғанда тез жұға ма, жоқ па, белгісіз.
"Иә, қазір Оңтүстік Африка Республикасында аурудың ең жоғары деңгейі тіркелді, бірақ эпидемиологиялық зерттеулерді аяқтамас бұрын аталған нұсқаның жұғу потенциалы жоғары деген қорытынды жасауға болмайды", - деп түсіндірді Цой.
Жаңа штамның қаупі
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, бүгінде бұл штамның симптомдары коронавирустың басқа нұсқаларынан өзгеше деген дерек жоқ.
"Алдын -ала мәліметтер ОАР-да ауруханаға жатқызу жиілігінің артуы мүмкін екенін көрсетеді, дегенмен, бұл ауруханаға жатқызу қаупі факторларын қоса алғанда, ауруды көп адам жұқтырғанына байланысты болуы мүмкін.", - деп жазды министрік басшысы.
Аурудан жазылған адамдардың табиғи иммунитетінің тиімділігі
Алдын- ала деректер басқа нұсқалармен салыстырғанда "омикрон" штамын қайта жұқтыру қаупі жоғары болуы мүмкін екенін көрсетеді. "Алайда, деректер тапшы",- деді Цой.
Вакциналар тиімділігі
Министрдің айтуынша, ДДСҰ "омикрон" штамының вакциналардың тиімділігіне ықтимал әсерін бағалап отыр. Қазіргі уақытта вакциналардың дерттің ауыр түріне және өлімге қарсы тиімділігі жоғарв деген қорытынды бар.
Тест жүйелердің тиімділігі
Кеңінен қолданылатын тест-жүйелер "омикрон" штамын анықтауды тиімді түрде жалғастыруда, деп атап өтті Цой.
Терапия тиімділігі
"Кортикостероидтар мен интерлейкин 6 ингибиторлары "омикрон" нұсқасынан туындаған ауру үшін тиімді. Басқа терапевтік агенттердің, соның ішінде моноклоналды антиденелердің тиімділігі зерттеледі", - деп түйіндеді министр.