Қайтыс болған науқас бірнеше адамның өмірін құтқарды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында көз жұмған науқастың ағзалары өзге адамдардың өмірін құтқарды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген азаматтың мүшелері трансплантация арқылы бірнеше науқасқа салынды. 49 жастағы ер адам ми қан айналымы бұзылып, миына қан құйылып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың өмірін аман алып қалуға бар күшін салғанымен, науқастың ағзасы емді қабылдамады. Үшінші күні науқастың миы өлді.
Жүрек шұғыл түрде Шымкенттегі трансплантацияға мұқтаж жас науқасқа жіберілді. Бауыр мен бүйректі донорға зәру науқастарға трансплантаттау үшін Астанаға жеткізілді.
Қаз
Рус






