Әйелдің денесінен 19 литр болатын үлкен ісік алып тасталды

2 595

Павлодар қаласының тұрғынынан 19 литр сұйықтықтан тұратын ісік сәтті түрде алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Операция Павлодар облыстық Г.Сұлтанов атындағы аурухананың гинекологтары тарапынан жүргізілді. 55 жастағы науқас жоспарлы операция үшін ауруханаға жіберілген болатын. Операция 2,5 сағатқа созылып, 19 литр сұйықтық алып тасталды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты. Ол ауруханада тағы бір аптадай болады деп болжанып отыр. Содан кейін бақылау талдауларынан кейін дәрігерлер оны шығару туралы шешім қабылдайды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.