Медициналық колледждерге түсу ережесі өзгерді
Медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан енгізілді. Енді бұл стоматология мен ортопедиядан басқа барлық медициналық мамандықтарға түсушілер үшін міндетті болады (оқу түріне қарамастан – 9 немесе 11 сыныптардың негізінде),- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Емтихан бейіндік пәндер бойынша базалық білімді, сондай-ақ талапкердің мотивациялық деңгейін бағалауды қамтиды.
Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдаудың жаңа шарттарымен мұқият танысуға және арнайы емтиханға алдын ала дайындалуға шақырады.
Қосымша ақпарат, тапсырма үлгілері, емтихан кестесі және өту ережелері ресми сайттарда, оқу орындарының ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.







