Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша бірінші орында тұр

2 512

Фото: inkaraganda.kzЮНИСЕФ қорының мәліметтері бойынша Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлем елдерінің арасында бірінші орында, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Соңғы мәліметтер бойынша, елде қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өсті.

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада жағдай ушыққанын айтты. Тәулігіне 45 вирус жұқтыру дерегі тіркеледі. Бұған дейін елордада күн сайын қызылшаның 35 жағдайы тіркелетіні хабарланды.

Науқастардың арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі жоғары, бұл – 67 пайыз немесе 725 жағдай. 27 пайызы – вакцинация мәртебесі белгісіз ересектер. Бас дәрігердің айтуынша, вакцина алмаған балалар 6% жағдайда ғана ауырған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.