Вакцина арқылы жатыр мойны обырының жиілігін төмендетуге болады — ДДҰ Қазақстандағы өкілі
2 541
Бүгін Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ДДҰ-ның адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау мәселелері жөніндегі апталық республикалық семинар-тренингі өтіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Семинарға Ұлттық иммундау бағдарламаларының басшылары қатысып жатыр.
«Қаржылық тиімді және дәлелді медициналық-санитариялық іс-шараларды, соның ішінде қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды, сондай-ақ обыралды зақымданулардың скринингі мен емдеуді жүргізу және обырдың инвазивті түрлерін диагностикалау мен емдеуге қолжетімділікті кеңейту арқылы біз жатыр мойны обырын қоғамдық денсаулық проблемасы ретінде жоя аламыз. Бұл ауруды өткен кезеңге қалдыра аламыз. Жатыр мойны обырынан бірде-бір әйел өлмеуі керек. Біздің күш-жігерімізді біріктірейік. Жатыр мойны обырын жоюға барлық елдердің күші жетеді», — деп атап өтті ДДҰ-ның ҚР-дағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла.