Дәрігер ұшақта талып қалған баланы құтқарып қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқиға 11 ақпан күні Алматы-Орал бағытындағы ұшақ бортында болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауырып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Баланың диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды. Оқиға кезінде ұшақ бортында облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері болған. Ол дереу баланың жағдайын бағалап, оған қажет медициналық көмек көрсетті. Кейін балаға тиісті дәрі-дәрмек берілді.
Баланың жағдайы тұрақталып, Орал әуежайына жеткен бойда жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Науқасты құтқарып қалған дәрігер туралы ешқандай ақпарат жоқ. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігер аты-жөнін атағысы келмеген.
Қаз
Рус






