Қызылордада «Сейхун» инфекциялық стационары соңғы науқасты үйіне шығарды

301
Қызылорда облысында эпидахуал ушыққанда «Сейхун» инфекциялық стационары қайта жасақталып, індетпен күресте белсенді жұмыс атқарған болатын. 500 орынға лайықталған стационар 30 шілде күні ашылып, 16 тамыз күні соңғы науқасты үйіне шығарды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов стационар туралы кеңінен айтып берді деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

«Екі аптадан астам уақытта коронавирус індетіне шалдыққан 200-ге жуық науқасқа ем-дом шаралары көрсетілді. Облыстық психикалық денсаулық орталығының 70 қызметкері стационар жұмысына жұмылдырылды. Биыл коронавирус індеті жас азаматтардан көп анықталды. Әсіресе, екпе қабылдамаған жерлестеріміз ауыр жағдайда орталыққа жеткізіліп жатты. Яғни, бұл ретте әрбір азамат өзінің денсаулығы үшін вакцина салдыру қажет екенін еске салғымыз келеді. Екпе қабылдаған адамның ағзасы індетпен күресуге қауқарлы. Бұрынғы беймарал өмірімізге оралу үшін мамандардың кеңесіне құлақ асып, екпе алуға шақырамын. Қазір екпенің жеткілікті қоры да, таңдау мүмкіндігі де бар. Саулық – сақтықта ағайын! Әр азамат өзінің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілікті сезіну керек»,- деді Аман Бөкенбайұлы.