Ешбір дәріхана бекітілген шекті бағадан асыра алмайды

154

Дәріханаларда бекітілген шекті бағадан асыруға тыйым салынған,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. 

 

Қабылдау барысында азаматтар дәріханалардағы дәрі-дәрмектер бағасы, дәріхана қызметкерлерінің этика нормаларын сақтауы сонымен қатар аяжандардың санаттары (категория) бойынша мәселе көтерді. 

 

Департамент басшысы келушілердің сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 

«Бағаның шекті мәнін «Дәрі.кз» сайтына кіріп, анықтауға болады. Ешбір дәріхана ҚР ДСМ бұйырығы негізінде бекітілген шекті бағадан асыра алмайды. Егер ондай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда 23-40-36 телефон нөміріне хабарласып, департаментке шағымдану мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

 

«Ал аяжандардың санаттарына қатысты бөліністер ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістер негізінде алынып тасталған. Аяжандар тек сертификатталуы міндеттелуіне орай санаттық бөлініс заңда көзделмеген.», - деді Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.