Қазақстанда карантин күшейтілді

241
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады. Тоқтатылсын: "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары; жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі. Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын: қоғамдық көліктің; "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің; "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің; "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің; "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің; "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың.  
Жұмыс күндері қызметтері шектелсін: 20-00 сағатқа дейін "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің; ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін; "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындар- сағат 18-00-ге дейін. Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын күшейту, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.