Түркістан облысында мыңнан астам адамды кене шаққан
Өңірде 26 наурыздан бастап залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өткен жылы кене шаққан 1416 адам медициналық ұйымдарға қаралған. Оның 11-нен ішінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды.
Биыл дезинсекциялық іс-шаралар 124 елді мекенде жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Ал, 26 наурыздан залалсыздандыру жұмыстары басталады. Дегенмен, күн райының өзгеруіне байланысты оның уақыты өзгеруі мүмкін.
Облыстық ветеринария басқармасы тарапынан «энзоотиялық» аурулардың алдын алу мақсатында биыл аудан-қала орталықтарындағы сақтау қоймаларына 63,3 тонна «Дизицип» сұйықтығы және 491,1 тонна «Дуэт» ұнтағы жеткізілуде. Іс-шараларды жүзеге асыруға арнайы киімдермен қамтылған 1 558 маман жұмылдырылып отыр. Сонымен қатар, қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Аталған шара екі кезеңде іске асады. Яғни жыл бойына 3,2 млн бас ірі мал, 10,5 млн бас уақ мал, 30,1 млн шаршы метр буферлік аймақ және 78,3 млн шаршы метр үйіргелік қора-жайлар залалсыздандырылатын болады.