Психикалық дерті бар науқастарды бақылау мен есептен шығару тәртібі өзгермек
446
Елімізде психикалық дерті бар пациенттерді есепке алу және есептен шығару электронды жүйе арқылы жүргізілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ. Министрлік берген түсіндірме бойынша бұл жоба Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес міндетті дербес есепке алу және МӘМС жүйесіндегі шығыстардың баршаға қолжетімді болуы үшін ұсынылып отыр. Сонымен қоса, енді уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына қабылданатын науқастардың картасы да электронды нысанда толтырылмақ.
Бұйрық жобасын ашық талқылау 28 ақпанға дейін жалғасады.
Дәрігерлік-консультациялық комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылатын динамикалық байқауға алу, динамикалық байқауды алып тастау, есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру туралы деректерді енгізу тек электронды цифрлық қолтаңбамен расталған дәрігерлік-консультациялық комиссия мүшелерінің логин, паролі арқылы жүзеге асырылады, - делінген жаңа редакцияда.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ. Министрлік берген түсіндірме бойынша бұл жоба Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес міндетті дербес есепке алу және МӘМС жүйесіндегі шығыстардың баршаға қолжетімді болуы үшін ұсынылып отыр. Сонымен қоса, енді уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына қабылданатын науқастардың картасы да электронды нысанда толтырылмақ.
Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына жатқызылған пациенттің картасы толтырылады. Ол құжат статистикалық карта да болып есептеледі. Бұл процес медициналық ақпараттық жүйелер арқылы да іске асырылады, - деп көрсетілген құжатта.
Бұйрық жобасын ашық талқылау 28 ақпанға дейін жалғасады.