Қазақстан қызылша жұқтырудан әлемде үшінші орынға шықты

2 516

АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының мамандары әлемде қызылшамен сырқаттану бойынша статистиканы жариялады – Қазақстан үшінші орында тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының CDC мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2023 жылдың мамырынан қазанына дейін қызылша ауруын жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген. Ең көп жұқтыру жағдайы Йеменде тіркелген - 25 261. Одан кейін Үндістанда тіркелген - 14 927. Тізімде Эфиопия мен Пәкістан Қазақстаннан төмен тұр - 11 227 және 8,316 жағдай. Сонымен қатар Ресей қызылша ауруы бойынша топ-10 елге кірген – аталған кезеңде 4 305 жағдай тіркелген. 

Бұл статистика ДДҰ ұсынған ай сайынғы мәліметтерге негізделгені айтылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.