ОБЛЫСТА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТҚА АРНАУЛЫ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

187
Бүгінде облыста 31 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 6 мыңға жуығы кәмелет жасына толмаған балалар. Биыл осы мүгедектігі бар жандардың 90,1 пайызы әлеуметтік оңалтудың арнайы шараларын қабылдаған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ибраева хабарлады. 

Сондай-ақ, жыл басынан бері 2 мыңға жуық адамға стационарлық және жартылай стационарлық жағдайында арнаулы медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

- Облыста өткен жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін барлық техникалық оңалту құралдары мен қызметтер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізілуде. Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында облыста 2025 жылға дейін 1294 инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы ету жоспарланса, осы жылы 277 нысанға стандартқа сәйкестендірілді. Сонымен қатар, өңірде 32 инватакси қызмет етеді ,-деді  Айгүл Болатқызы.
 «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағатбек Сиюов мүгедектігі бар азаматтарға жыл басынан бері көрсетілген арнаулы көмектер туралы айтып өтті.
 -Жыл басынан бері өңірде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның бірі мүгедектігі бар жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік мекемелерге рейд жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, ай сайын қол өнермен айналысатын жандардың басын қосып, жәрмеңке ұйымдастырылуда. Одан бөлек,  aleumet.egov.kz  порталы іске қосылды. Бұл мүгедектігі бар жандарға қолайлы сервис. Осы порталды қолдану үшін  оқыту  курсын өткіздік. Мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды, -деді  Сағатбек Сиюов.