Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылады – Асхат Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Айтмағамбетов салық кодексіне енгізген түзетулер үкімет тарапынан қолдау тапқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Енді әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге қосымша құн салығынан 0% мөлшерлемесі қолданылады. Яғни, арнайы үкімет қаулысымен бекітілетін тізім бойынша ең қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қосыиша құн салығынан толық босатылады. Бұл шешім — ең қажетті дәрі-дәрмектердің бағасының күрт қымбаттамауына жағдай жасайды.
Депутат мұндай ұсынысты әуелден жасағанымен, үкімет мақұлдамағанын айтты. Десе де екі тарап ұзақ талқылаудан кейін осындай компромистік шешімге келген.
Сонымен қатар қосылған құн салығы қолданылатын басқа медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер бойынша да маңызды келісім жасалды:
• 2026 жылдан бастап — қосылған құн салығы 5% өседі,
• 2027 жылы тағы 5%- ға артады. Яғни, кезең-кезеңмен.