МӘМС жүйесінде тіркелмегендерге медициналық қызметтерді алуда шектеулер болуы мүмкін

2 527

МӘМС төлемейтіндерге дәрігерге жазылуға, белгілі бір медициналық анықталамаларды алуға шектеулер болуы мүмкін,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.


Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер вице-министрден МӘМС төлемейтіндерге қандай шектеулер енгізу жоспарланып отырғанын сұрады.


Айта кетейік, бұған дейін сақтандырылмаған адамдарға денсаулық және осы салаға қатысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тиісті шектеу енгізу ұсынылды. Мәселен, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және басқа да бағыттарда осындай шектеулер қарастырылмақ. 

«Бұл тек ұсыныс ретінде жасалды. Осы ұсыныстар мемлекеттік органдарда, қоғамда, Парламентте талқыланады. Атап айтқанда, бұл шектеулер халықаралық тәжірибе аясында зерттелді. Германия, Нидерланд, Ресей сияқты елдерде (медициналық сақтандырылмағандарға) тиісті шектеулер қарастырылғанын көріп отырмыз. Сондықтан аталған елдерде азаматтардың жауапкершілігі ескерілген, оның ішінде айппұлдар да қарастырылған. Егер адамдар сақтандыру жүйесіне қосылмаса, әлем елдерінде қандай да бір қызметтерді алуға шектеу жасау тәжірибесі бар. Соның арасында жүргізуші куәлігіне қатысты мемлекеттік қызметтерді алмайды. Бізде көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және басқа да бағыттарда осындай шектеулер талқыланып жатыр, яғни денсаулық саласы бойынша тікелей мемлекеттік қызметтер ескерілген», - деді Т. Сұлтанғазиев.


Оның айтуынша, қазір бұл ұсыныстар әлі де пысықталып жатыр.

«Түрлі медициналық қызметтер бар, оның ішінде дәрігерге жазылу, белгілі бір медициналық анықталамаларды алуға шектеулер болуы мүмкін. Жалпы, осы салада бірқатар анықталамалар беріледі. Талқылау нәтижесі бойынша олар жайында қосымша хабарлаймыз», - деді вице-министр.


Бұл тұрғыда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әлеуметтік Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енбеген адамдарға жүргізуші кәулігін беруді шектеу ұсынысына қатысты түсінік берді. 

«Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мемлекеттік қызметтерді шектеу туралы ұсыныстарына қатысты тоқталсам, бұл бағытта әлемдік тәжірибе зерделенді. Көптеген елде, яғни Германия, Норвегия, Ұлыбритания және басқа да дамыған елдерде тиісті талаптар бар. Егер жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, медициналық сақтандыру сұралады. Атап айтқанда, басқа мемлекетке сапарлап барған кезде де медициналық сақтандырусыз ешкімді қабылдамайтынын білесіздер», – деді А. Ғиният.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.