Қазақстанда өткен тәулікте тағы 3000-ға жуық адамнан коронавирус анықталды
Елімізде өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 436
Алматы қаласы – 665
Шымкент қаласы - 114
Ақмола облысы - 98
Ақтөбе облысы – 206
Алматы облысы – 251
Атырау облысы – 110
Шығыс Қазақстан облысы - 85
Жамбыл облысы - 46
Батыс Қазақстан облысы – 205
Қарағанды облысы – 220
Қостанай облысы - 30
Қызылорда облысы – 35
Маңғыстау облысы - 80
Павлодар облысы – 50
Солтүстік Қазақстан облысы - 35
Түркістан облысы - 53.
Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 289 720-ға жетіп отыр.
Бұған дейін коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай мен Түркістан облыстары ғана "жасыл" аймақта тұрғанын жазған едік.
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
Ал "сары" аймаққа Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірген.
Сонымен бірге, Алматының коронавирус бойынша "қызыл" аймақта тұрғанына қарамастан, 17 сәуірден бастап қалада кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін жазған едік.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, оған тек Ashyq қосымшасының көмегімен кіруге болады.