Дәрігерлер магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

396
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



4 ақпан күні облыстық балалар ауруханасына 2 жасар бала түсті. Ол іші ауырып, құсқысы келетінін айтқан. Қабылдау бөлмінде іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) бар екені анықталды.




Екі жасар сәбидің ішек-құрылысынан бөгде заттарды алып тастау үшін ота жасалған.

Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының (жарылып кетуі) аймақтары анықталды. Бөгде заттың металл магниттер екені белгілі болды, барлығы 11 дана болып шықты. Операция 1,5 - 2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде, - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.