Қазақстанда дәрігерлерге арналған жасанды интеллект көмекшісі іске қосылады

2 323

Фото: Pixabay.comПремьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септік етеді, — делінген хабарламада. 

Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ.

Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады.

Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.