Шаш бояту үшін сұлулық салонына барған әйелдің бет-аузы ісіп кетті

432
Лондон тұрғыны сұлулық салонына барып шашын боятамын деп, салдарынан денсаулығы нашарлағанын айтты деп жазады Lenta.ru. 
 
23 жастағы Шейлин Гартли шашын боятып, сәндеу үшін жергілікті сұлулық салонына барған. Оның айтуынша, процедурадан кейін келесі күні таңертең сол көзін аша алмай қалған. Денсаулығы нашарлағанын сезген бойжеткен дәрігерлерге жүгінген. Олар Шейлинге гистаминге қарсы препараттар мен антибиотиктер жазып берген. 

Біраз уақыттан кейін Шейлиннің бет-аузы ісіп кеткен. "Ісік басымның жоғарғы жағынан басталып, кеудеге дейін жетті. Келбетім өзге ғаламшардан келген әлдебіреуге ұқсап қалды. Басымның қышуы мен қызуды басу үшін мұз салынған пакеттерді жамылып жатуға мәжбүр болдым", – дейді ол. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.