Қазақстанда қай жастағы балаларға вакцина бірінші салынатыны айтылды

361
Жасөспірімдерге келетін болсақ, коронавирусқа қарсы екпе 16-18 жастағыларға бірінші салынады - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілттеме жасап.      

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады.

Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов бекіткен нұсқаулықта айтылған.

"Бастапқы кезеңде коронавирусқа қарсы профилактикалық вакциналау 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерден басталады. Кейін (16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау аяқталғаннан кейін) 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер екпе алады" делінген.

Білім беру ұйымдарында (мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және т.б.) оқитын жасөспірімдерді вакциналау оқу орны бойынша жүргізілуі мүмкін.

Қазақстанда жасөспірімдерді вакцинациялау ерікті түрде және олардың ата-анасы мен заңды өкілінің алдын ала келісімімен ғана жүргізілетінін ескеріңіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.