Қызылорда облыстық жұқпалы аурухана қызметкерлеріне науқастардың көңілі толмауда
760
Қызылордалық ананың дәрігерлердің қызметіне көңілі толамай отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Құндақтағы баласының қызуы көтеріліп, Қызылорда облыстық жұқпалы ауруханасына көмек алу үшін жүгінген ана дәрігерлер мен медицина саласындағы қызметкерлердің жауапсыздық танытқандығына наразылық білдіріп отыр.
Анасының айтуынша, 1 жасар баласы ЦКЗ жақтағы ауруханада 12 күн жатқан. Алайда, тиесілі ем қонбағандықтан облыстық жұқпалы ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ауыстырылған. Десек те, дәрігерлер балама нақты диагнозын қоймағандықтан, ұлымның ыстығы түспей, тамақ жеуден қалды дейді анасы.
Ақ халатты абзал жандар баламның денсаулығына араша болады деген ананың қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі, өз қызметтеріне ат үсті қараушылардың қатары көбейіп барады деп налыған ананың салы суға кетіп отыр.
«Бүгін 23-нен 24-не қараған түні, түнгі кезекшілікке келген медбике қызмет барысында ұйықтауды жөн санап, науқасқа қарау жауапкершілігінен жалтарып, бөлім тазалықшысына науқастарды бақылауды қаратып қойды. Ал, тазалықшы сол мезетте ауруханада дезинфекция жұмыстарын жасап жүріп, жансақтау бөліміндегі балаларға тамақ беріп жүр. Енді ойлап қараңыз, содан кейін бала қайдан жазылсын?», - дейді Бота Аманжолова.
Ол аздық еткендей, медицина саласының қызметкерлері емделушінің анасына ар-намысына тиетін сөз айтып, қорлады деген шағыммен полиция қызметіне жүгінген. Десе де, тәртіп сақшылары жазылған арызды қабылдамай кетіп қалғандықтан, қайта шақыруға мәжбүр болған.
Ал, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы аталмыш оқиғадан хабардар екендігін жасырмады.
Айта кету керек, аталмыш аурухананың жөндеу жұмыстары көңіл көншітпей тұрғандығы жөнінде жиі айтылуды. Ауруханада соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы жасалынған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құжаттар дайындалып жатыр-мыс.
Расында, облыс аумағында бір емес бірнеше рет аурухана ішінде орын алып отырған шикіліктің бар екендігін білсе де облысымыздың бас дәрігері көз жұма қарауын қояр емес.

«Бұл не бассыздық, ана мен баланың қиналғанына қанша уақыт болды, неге тиісті органдар қарамайды, денсаулық сақтау департаменті өтірік есеп беріп отыр ма? Полиция қызметкерлері неге арыз қабылдамайды?Сонда бала өле беру керек па? Басшысы білсе де үнсіз, көксегендері не?»,-дейді Бота.
Ал, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы аталмыш оқиғадан хабардар екендігін жасырмады.
«Бала ауруханаға қарасты модульдік бөлімшесіне 09.07.2022 жылы «Жедел респираторлы вирусты инфекция» диагнозымен жатқызылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес емі және зерттеу жоспары тағайындалған. Кеуде қуысының рентгенографиясы қорытындысы-екі жақты пневмония, қақырық бактериологиялық зерттеу нәтижесінен ШПМ анықталып, антибиотикограмма нәтижесімен ем тағайындалған. Қазіргі таңда балаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі медициналық көмек сапасы бойынша біріккен комиссиясымен бекітілген клиникалық емдеу хаттамаларға сәйкес емі жүргізілуде»,- дейді аурухана әкімшілігі.
Айта кету керек, аталмыш аурухананың жөндеу жұмыстары көңіл көншітпей тұрғандығы жөнінде жиі айтылуды. Ауруханада соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы жасалынған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құжаттар дайындалып жатыр-мыс.
«Қызылордада қай ауруханаға бала ауыр халде жатса да осы диагноздар қойылады, неге? Бірден пневмония, жатыр іші инфекциясы деп шығады. Жатарда барлығынан қолхат алып алып, кейін ата-ана өзі кінәлі болып, дәрігерлер барлық жауапкершіліктен босайды. Кай ауруханаға барсаңыздар осындай антисанитария, оның үстіне дәрігерлерде дөрекі. Бізде ем алу үшін тек таныс не ақша берсең ғана жөнді жауап аласың»,-дейді Нұрила Ғабитқызы.