Екі жасар сәби маскүнемдікке душар болған
Павлодарда 2,5 жастағы сәби маскүнемдікке душар болған. Бүлдіршін маскүнем анасының әрекетінен зардап шеккен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Еріктілердің хабарына қарағанда, отбасының көршілері дабыл қаққан.
Оқиға туралы Павлодар облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерлері аттанған.
Қазіргі уақытта бала Сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасындағылар қызды дәрігерлер тексеріп, облыстық балалар ауруханасына тексеруге жолдама берілгенін атап өтті.