АСТАНАДА ФОРУМ АЛАҢЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНУДА

2 272

Фото:  Денсаулық сақтау министрлігіБүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Білім беру сапасын арттыру - ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде» атты Орталық Азия халықаралық форумының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы өзінің құттықтау сөзінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау сапасына басымдық беретінін атап өтіп, аккредиттеу орталықтарының білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы құралы ретіндегі рөліне тоқталды.

Қазақстанда білім беру бағдарламалары тұрақты негізде жетілдірілуде, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның тәуелсіз емтихан жүйесі енгізілді, инфрақұрылым жетілдірілуде, жаңа жабдықтар мен әдебиеттер сатып алынуда.

Ведомство басшысы бұл форум жоғары білім сапасын қамтамасыз ету ісінде жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу үшін пайдалы диалог алаңына айналатынына сенім білдірді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.