Қызылордада егіздердің басым бөлігі облыс орталығында дүниеге келген
Қызылорда облысында өткен жылы азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша 25 095 қызмет көрсетілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1 268-ге аз, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 16 310 туу туралы куәлік беріліп, 4 655 қайтыс болу дерегі тіркелді.
Былтыр өңірімізде 108 егіз және 1 үшем дүниеге келді.
Қызылорда қаласындағы Отбасы орталығы мен аудан орталықтарындағы неке қию залдарында зейнетақы, туу, неке және жеке бас куәліктерін салтанатты түрде табыстау бойынша 5 126 рәсім өткізілді.







