18 жасқа толмағандарға неге коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды

447

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова 18 жасқа толмағандарға коронавирусқа қарсы вакцина неге салынбайтынын түсіндірді.

"Бүгінде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды. Оларға вакцина қарсы көрсетілім болғандықтан салынбай отырған жоқ. Себебі халықтың дәл осы тобы үшін клиникалық зерттеулер жеткілікті деңгейде жүргізілмеген", - дейді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

 Сонымен қатар ол алдағы уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаның балаларға әсеріне қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілетіндігіне үміт артатындығын айтты.

"Келешекте зерттеулер шығып, балалар үшін де вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігі айтылуы мүмкін. Міне, сол кезде оларға да вакцина салу мүмкіндігін қарастырамыз. Ал қазіргі уақытта 18 жастан асқан адамдар ғана вакцинациялау тобына жатады", - дейді Айжан Есмағамбетова. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.