Жазғы демалыста ауыл балалары медициналық скринингтен өтпек

1 202

Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Денсаулық сақтау министрлігі шалғай елді мекендерде балалардың денсаулығына скрининг жасау, стоматологиялық тексеру жүргізу үшін жылжымалы медициналық пунктердің жұмысын ұйымдастыруға тиіс», - деді ол.


Сондай-ақ Әлихан Смайылов қоғамдық орындарда балалардың тамақтану сапасын бақылап, тамақтану және ойын-сауық орталықтарындағы санитариялық жағдайды қамтамасыз ету маңызды екенін еске салды.


«Барлық лагерьлер медицина қызметкерлерімен, тиісті педагогтармен және тәрбиеші кадрларымен қамтамасыз етілуі қажет», - деді Премьер-Министр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.