Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде

545
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният: өзге елдерге қарағанда Қазақстанның эпидемиологиялық ахуалы қанағаттанарлық деңгейде тұр деді , - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавиурс инфекциясының тарау қарқыны бәсеңдегенін көріп отырсыздар. Тәулігіне 10-15 жағдай ғана тіркеліп отыр. Соның өзінде тәулігіне 15 мың ПТР-сынама зерттеліп жатыр. Осының 10-15-і ғана вирустың бар екенін көрсетуде. Бұл қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде екенін растап тұр. Бүгінде шынымен де індетті тарауы саябырси бастады. Осыған байланысты барлық дерлік шектеу шараларын алып тастағанымызды білесіздер. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай әлі қалыпқа түсе қоймаған.

«Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», - деді ведомство басшысы.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.