Коронавирус жұқтырғандар көбейсе, маска режиміне қайта ораламыз – Ералы Тоғжанов

228
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі коронавирус инфекциясы ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Әзірге ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр, айтарлықтай күрделі жағдай жоқ. Дегенмен, науқастар саны көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артып келеді, сондықтан мәселе жоқ емес, бар. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек қана маска тағу жөнінде емес, жалпы шаралар туралы», - деп жауап берді Е. Тоғжанов Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.


Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 137 адам коронавирус жұқтырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.