Қазақстанда коронавируске шалдығу көрсеткіші 17 пайызға төмендеді

241
Қазақстанда коронавируске шалдығу көрсеткіші 17 пайызға төмендеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Әлемде коронавирус инфекциясының 251 млн-нан астам жағдайы, тіркелді. Тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 5 млн-нан астам адам өлді. ДДСҰ-ның Еуропа өңірі мәліметіне сәйкес, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 40 мемлекетте ауру өсімі байқалады», - деді министр.

Оның мәліметінше, соңғы 2 аптада Венгрияда аурушаңдық - 180, Польшада - 150, Австрияда - 120, Германияда 90 пайызға артқан. Ал аурудың төмендеуі 14 елде байқалады.

«Қазақстанда соңғы 2 аптада аурушаңдық 17 пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 222 елдің ішінде аурушаңдық көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 101 орында тұр», - деді Алексей Цой.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.