Видеоға балағат сөз жазған дәрігерді жұмыстан шығармақшы

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстандағы емханалардың бірінің дәрігері әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан видеосын жариялағаннан кейін жұмысынан айырылды. Жұмыс беруші оны кәсіби қызметке қойылатын талаптарға сай келмейді деп танып, қызметкерді жұмыстан шығарған. Мәселені сотта шешуге тура келді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Сотта әйел 2023 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік емханада дәрігер болып жұмыс істегені анықталған. 2025 жылғы 8 тамызда жұмыс беруші онымен еңбек шартын бұзған.

Дәрігердің әлеуметтік желіге жүктеген видеороликтері жұмыстан шығаруға себеп болған. Онда ол балағат сөздер қолданған.

Жұмыс беруші оны Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4-1-тармақшасы бойынша - қызметкердің кәсіби қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан босатқан.

Әйел жұмыстан шығару туралы шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Ол жұмысқа қайта орналастыруды және мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалған уақыты үшін жалақы төлеуді талап етті.

Алайда бірінші сатыдағы сот, содан кейін апелляциялық сот жұмыс берушінің жағына шықты.

Кассациялық сот бұл шешімдердің күшін жойды. Судьялар жұмыс берушінің балағат сөздері бар жарияланымдар дәрігердің кәсіби біліксіздігін айғақтайтыны туралы дәлелдер ұсынбағанын атап өтті.

Бұл ретте жұмыс берушінің әйелдің жұмысына қатысты ешқандай шағымы болмаған.

Нәтижесінде азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот дәрігердің талап-арызын қанағаттандырып, оның еңбек құқықтарын қалпына келтірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.