"Үнді" штамы Алматы облысында анықталды

313

Фото: pixabay.comКоронавирустың "дельта" жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы Алматы облысының Талғар ауданында тіркелді. 


Дасибеков әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындарына үндеу жасап, Талғар облысында "дельта" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін жеткізген. 
"Ауданда "дельта" штамының алғашқы жағдайы тіркелді. Ол бұған дейін анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Орташа алғанда бір адам бес-алты адамға ауру жұқтырады. Инкубациялық кезеңінің қысқалығымен ерекшеленеді. Мұны жұқтырған адамның буындары қатты ауырып, жүрегі айниды. Сақ болыңыз, өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыздар", – дейді дәрігер. 


Сонымен қатар, Хасен Дасибеков жаңа штамды жұқтырған жағдайда салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін ескертті. 


Адам тіпті саңырау болып қалуы мүмкін, оған қоса өлім қаупі де жоқ емес. Дәрігер қазақстандықтарға бетперде режимін сақтай отырып, коронавирусқа қарсы вакцина алу арқылы өздерін қорғауға кеңес береді.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.