Қашықтан оқу форматы енгізілмейді - Бас санитар дәрігер
Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір "қызыл" аймаққа кірген жағдайда білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты. Сөзінше, оқыту онлайн форматқа ауыспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бас санитар дәрігер қашықтан оқыту форматы енгізілмейтінін мәлімдеді. Алдымен мектептегі тазалық жұмыстары жиілейді. Екінші кезекте оқушылар мен мұғалімдерді термометриядан өткізу жүйесі қосылады. Үшінші кезекте "қызыл" аймаққа өткен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салынады.
Бас санитар дәрігердің сөзінше, қазіргі эпидахуалға қарайтын болсақ, оқушыларды қашықтан оқуға жіберу болжанып отырған жоқ. Онлайн режимнің енгізілуі таралатын штамм мен вирус жұқтыру санына байланысты болады екен.