24 жастағы жігітке 7 сағаттық күрделі ота жасалды

2 560

Фото: Medcentr.bizНауқас 6 жасынан бері эпилепсиямен ауырып келген. 2014 жылдан кейін ауру белгілері бәсеңдеп, ұзақ уақыт ремиссия байқалған. Алайда соңғы уақытта құрысу ұстамалары қайта күшейіп, дәрігерлер тереңдетілген тексеру жүргізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі ult.kz порталына сілтеме жасап.

Магниттік-резонанстық томография нәтижесінде науқастың миының оң жақ маңдай бөлігінде бірнеше сирек патология анықталған. Атап айтқанда, интрацеребралды липома, артериовеноздық мальформация және фокальды кортикальды дисплазия диагнозы қойылған. Мамандардың айтуынша, интрацеребралды липома ми ісіктерінің небәрі 1 пайызын ғана құрайтын өте сирек ауру саналады.

Дәрігерлер мұндай бірнеше күрделі патологияның бір адамның бойынан қатар табылуы нейрохирургия тәжірибесінде өте сирек кездесетін жағдай екенін атап өткен. Науқастың жастығы да жағдайдың күрделілігін арттырған.

Шамамен жеті сағатқа созылған операцияны нейрохирург Еркін Медетов жүргізген. Ота барысында барлық патология толық алынып тасталған.

Қазір пациенттің жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

Мамандар бұл оқиғаны отандық нейрохирургиядағы маңызды жетістіктердің бірі деп бағалап отыр. Өйткені мұндай күрделі операциялардың сәтті орындалуы қазақстандық медицина мамандарының жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.