Көкшетауда 5 жастағы баланы байлауда ұстаған ата-анаға қатысты тергеу басталды

255

Көкшетауда 5 жастағы баланы байлауда ұстаған ата-анаға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қарашада Көкшетау қаласының полиция бөліміне Астана қаласының 34 жастағы тұрғынынан арыз түскен.

«Әйел туысы, облыс орталығының 37 жастағы тұрғынының бала тәрбиесімен айналыспай отырғанын айтып хабарласты. Арызданушының айтуынша, туысының отбасында 2017 жылы дүниеге келген бала азып-тозып кеткен. Тексеру тексеру барысында аталған дерек расталды», - делінген ПД хабарламасында.

Осы жайттан кейін бала ауруханаға жатқызылған.

«Аталмыш дерек бойынша полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген хабарламада.

Қазргі кезде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.